Футболдан «Super bol!» реалити-шоуының іріктеуі жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан «Super bol!» реалити-шоуының іріктеуі жалғасып жатыр

18.06.2022

Елімізде футболға әуес жастар көп. Оған «Super bol!» бірегей футбол реалити-шоуының ұйымдастырушыларының көзі анық жетті. Таланттарды таңдауға арналған байқауға келгендер өте көп. Жоба бойынша бақ сынауға Шымкенттен мыңға жуық үміткер қатысты. Ал бүгін шеберлерді анықтау шарасы Таразда жалғасты.

Семейден басталған кастинг Павлодар, Ақтөбе,Ақтауда ұйымдастырылып, Шымкент қаласында да өтті. Талап бойынша қатысушылардың жасы 16 мен 25 аралығы болуы керек. Жас таланттардың қарым-қабілетін Самат Смақов, Давид Лория, Федор Симиниди сынды футбол мамандары бақылады.

Бірегей жоба Таразда да өтті. Ұйымдастырушылар әр аймақтан 150 дарынды баланы іріктеп, Алматыдағы жиынға шақырады.Үздік атанған 25-і Ұлттық құрама базасында жаттығады. Жоба соңына жеткенде үлкен ойын болады. Еуропа, АҚШ пен Азиядан бапкерлер келіп, өздеріне ұнаған ойыншымен келісім-шарт жасасады. Бұл- футболға қызығатын жастар үшін үлкен мүмкіндік дейді ұйымдастырушылар.

Айдын Қожахмет, «Super bol!» реалити-шоуының креативті продюсері:

Осы жобаның мақсаты Қазақстаннан кәсіби футболмен айналыспайтын, кәсіби командаларда ойнамайтын бірақ, футболшы боламын деп армандап жүрген балалардың арасынан ең мықтыларын табу. Соларға бір мүмкіндік беру.


Хабарламаларға жазылу