«Ана» түрік телехикаясын 4 актер дыбыстаған (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ана» түрік телехикаясын 4 актер дыбыстаған (ВИДЕО)

15.10.2017

Бүгін «Таңшолпан» студиясының төрінде «Ана» фильміне дубляж жасаған мамандар яғни, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының продюсері Самал Жайнақова мен Зейнеп образына дубляж жасаған актриса Меруерт Ермекбаева және Әли образын дыбыстаған актер Мирас Жақып қонақта болып, телехикаяның ерекшеліктерімен бөлісті.

«Бауырлас түрік ағайындардың телехикаясы былтыр дәл осы уақытта өздерінде тұсаукесері өте жоғары деңгейде өткен. Біз де сериалды  қазақ тіліне сапалы аударып ертең көрермен назарына ұсынайық деп отырмыз. Қазір сол телехикаяны аударып, дыбыстау үстіндеміз.

Сериалды дыбыстау жұмыстарына арнайы кастингті 4 топ болып өткіздік. Кастингке  16 адам қатысты. Соның ішінен біз іріктеп 2 әйел дауысы мен 2 ер адамның дауысын дыбыстайтын актерларға тоқталдық», - дейді продюсер Самал Жайнақова.  Аталмыш туындының негізгі мақсаты – мейірімділікті насихаттау.

Сонымен қатар, бағдарлама барысында студия қонақтары телесериалдағы оқиға желісінің қалай өрбитіндігімен бөлісті. Дубляж жасаған актерлер өздері дыбыстаған кейіпкер жайлы толық ақпарат берді.

Сондай-ақ, осы жаңа түрік телехикаясының шығуына орай  Ұлттық арна көрермендері арасында байқау да  ұйымдастырылған. Жеңімпаз теледидарға ие болмақ.

Байқау шарты төмендегідей:

1. Сайыс 10 күнге созылады, 16-27 қазан аралығында.

2. 16 қазаннан бастап, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 22:45-те «Qazaqstan» телеарнасынан «Ана» телехикаясын көріңіз. Сол күнгі бөлімге қатысты сұрақты өткізіп алмау керек.

3. Жауаптарыңызды Instagram желісіндегі @kaztrk_kz парақшасында телехикаяның әр бөліміне қатысты салынған жазбаның астына пікір ретінде қалдырыңыздар.

4. #Instagram желісіндегі @kaztrk_kz парақшасына жазылу міндетті.

5. Instagram желісіндегі @kaztrk_kz парақшасында байқау жарияланғаны туралы жобаға репост жасап, #anneqazaqstan хэштегін белгілеу шарт.

6. Байқау аяқталғанша профиліңіз ашық болуы керек.

7. Сұрақтарға барынша нақты әрі жылдам жауап берген қатысушы «Hisense LED TV» теледидарын иеленеді.

8. Байқау жеңімпазы 30 қазан күні анықталады.

Айта кетейік, «Ана» телесериалы ертеңнен бастап көрерменге жол тартады.

Хабарламаларға жазылу