«Таңшолпан». Тоқтар Әубәкіров: Адам алдына мақсат қойса, оған жету үшін барынша талпыну керек (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Тоқтар Әубәкіров: Адам алдына мақсат қойса, оған жету үшін барынша талпыну керек (ВИДЕО)

12.10.2017

ҚР Халық Қаһарманы, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров студияда болып, өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Қазіргі таңда темір жол саласында қызмет жасаймын. Одан басқа жастармен жиі кездесіп тұрамыз. Басым бөлігінің сұрайтыны «Қалай ғарышкер болдыңыз?». Сондай-ақ ғарышкер, ұшқыш болғысы келетін жастар көп. Әрбір жас бала болсын, үлкен азамат  болсын, алдына мақсат қойды ма, оған жету үшін  жағдай жасауы керек. Қиыншылыққа төзіп, тоқтамау керек.

Ғылым – философия. Ғарыш та тек техника емес, ол ғылым. Осы уақытқа дейін ғылым туралы көптеген кітаптар оқыдым.

Дүниежүзінде көптеген адамдармен кездестім. Бірақ әлемдегі қазақтармен кездескенде таңқаламын. Қай жерге барсаң да әрбір бала домбыра ұстайды. Бірақ біз оларға жағдай жасай алмай отырмыз», - дейді ғарышкер.

Хабарламаларға жазылу