Амангелді Құрметұлы: Халық Кеңес одағында жасалған техникаларға әлі күнге сеніммен қарайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амангелді Құрметұлы: Халық Кеңес одағында жасалған техникаларға әлі күнге сеніммен қарайды

04.10.2017

Отандық санитарлық авиацияның жай-күй қалай?

Амангелді Құрметұлы:

«Халық Кеңес одағында жасалған техникаларға әлі күнге сеніммен қарайды. Сондықтар болар, біздегі санитарлық авиацияда кейбір деректер бойынша 35 техника бар дейді. Оның 24-і ұшақ, 11-і тікұшақ. Соның ішіндегі еурокоптерлер 130, 140 дегендері – жаңа, ал, АН-24, АН-26, АН-28, АН-2 ұшақтары 90-шы жылдарға дейін шығып қойған техникалар.

Ұшақ үшін 30,40, тіпті 50 жыл түк емес. Әрбір ұшақ сапары барысында тексеріліп, техникалық бақылаудан өткізіліп, бұзылған әр бөлшегі алмастырылып отыруы тиіс. Мұнда тексерулер қалай жасалып жатыр? Әңгіме осында».

Бағдарлама барысында елдегі ең ескі ұшақтар жайы айтыла келіп, ұшақтардың ескілігіне тендердің қатысы бар-жоғы да қозғалды.

Бүгінгі «Басты тақырып» Алматы маңында апатқа ұшыраған санитарлық-авиация ұшағы оқиғасына арналған болатын. 

Еске сала кетейік, «Басты тақырып» бағдарламасына тікелей эфирге хабарласа аласыздар. 

Байланыс нөмірлері: 8 (717) 2-55-38-36.

ТОЛЫҚ НҰСҚА

Хабарламаларға жазылу