«Таңшолпан». Айтыскер ақын Аманжол Әлтаев: Көпшілік іздеген соң домбырамды қайта қолыма алдым (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Айтыскер ақын Аманжол Әлтаев: Көпшілік іздеген соң домбырамды қайта қолыма алдым (ВИДЕО)

11.09.2017

Айтыскер ақын Аманжол Әлтаев «Таңшолпанда» қонақта болып, өмірдегі және өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

Қазақтың ұлттық өнерін ерекшелеп көрсететін – айтыс. Айтысқа келгеніме 30 жыл болып қалды. 2012 жылы Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған айтыста алтын жүлдені алып, кейін 5 жыл демалдым. Көптеген көрермен мен жанкүйерлерім іздеп, «өнеріңізді сағындық», - деді. Осының бәрін қорытындылай келе, тамыз айында үлкен айтысқа қатыстым.

Биылғы жыл дүбірлі оқиғаға толы болды. Оның ішінде Қазыбек бидің 350 жылдығы бар. Сол мерекеде Халықаралық айтысқа біраз елден ақындар келді. «Аламанға түсетін уақытым болды» деп, қолыма домбыра алып, сахнаға шықтым. Қазылар алқасы бас бәйгені маған беруді бірауыздан шешті», - дейді ақын.

Сондай-ақ, ақын кеше ғана жабылу салтанаты өткен «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы ой-пікірімен бөлісті.

«ЭКСПО – болашағымыздың жарқын көрінісі. Бұл - әлемді елеңдетіп отырған құбылыс. Ару Астанамызға көптеген мемлекеттің өкілдері келіп, өздерінің жаңалықтарын ұсынуы әрбір қазақстандықты қуантады. Астананың іргесінде салынған этноауылдан шетелден келген қонақтар мәдениетімізді, спорт және өнерімізді көріп, танысып, сүйсінді. Мен өз елімнің азаматы ретінде қуаныштымын».

Хабарламаларға жазылу