«ЭКСПО-2017» көрмесінің бағдарламасына сәйкес Қазақ күресінен «Әлем барысы» халықаралық турнирі жалауын желбіретті.
Осыған орай тікелей эфирде Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қонақта болып, бүгінгі шараға байланысты ойын ортаға салды.
«Әр нәрсенің өзінің ауыртпашылығы болады. Мұның барлығы қаншама азаматтардың еңбегімен іске асып жатыр. Біздің жастар әлі талай әлемнің де, Еуразияның да чемпионы болады», - дейді спорт саңлағы.
Сонымен қатар, сұхбат барысында Олимпиада чемпионы қазақ күресінің деңгейі күннен-күнге өсіп келе жатқандығын жеткізіп, биылғы «Қазақстан барысында» Еламанның чемпион болуы жастардың өскендігі екенін айтты.
Айта кету керек, бүгінгі «Әлем барысына» 40-тан аса мемлекеттің 43 балуаны жарыс жолына шығып, күштілерді анықтайды.