Түйенің зәрімен де түрлі дерттен емделуге болады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түйенің зәрімен де түрлі дерттен емделуге болады (ВИДЕО)

01.09.2017

Айықпас дертке шалдыққан Өзбекстан азаматы Тазагүл Қуатоваға өз еліндегі дәрігерлер бірнеше рет ота жасап, 2 метр ішегін алып тастаған. Бірақ, ол сонда да ауруынан жазылмаған. Сол себепті Қазақстанға келген. Өңеші мен ауыс қуысына жара қаптап кеткендіктен, қазақстандық мамандар түйенің зәрімен аузын шайып, үзбей ішуге кеңес береді.

«Бастапқыда зорға шыдап, аузымды шайдым. Арада біраз уақыт өткенде айнадан қарасам, жараның беті қайтып барады»,-дейді Тазагүл Қуатова.

Ал, тағы бір емделуші Ержан Байгелдиновтың бауыры ауырып, бармаған жері қалмайды. Содан түйенің сүті ғана еемс, зәрін де пайдалануға болатын халық емі туралы естіп, тәуекелге бел буады.

«Он жылдан көп уақыт ауырдым. Талай вирустық терапиядан өттім. Ешбірі көмектеспеді. Емді осы түйенің зәрінен таптым»,-дейді ол.

Халық емі туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу