«Таңшолпан». Асхат Садырбай: «Hit Qazaqstan» жобасы - Ұлттық арнаның жаңа бастамасы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Асхат Садырбай: «Hit Qazaqstan» жобасы - Ұлттық арнаның жаңа бастамасы (ВИДЕО)

31.08.2017

Журналист, «Hit Qazaqstan» жобасының  жүргізушісі Асхат Садырбай бүгін таңғы бағдарлама қонағы болды.

«Hit Qazaqstan» жобасы - Ұлттық арнаның жаңа бастамасы. Бағдарлама 28 тамыздан бастап күн сайын сағат 10:00-де эфирге шығуда.

Жоба шарты бойынша бес күн бойы көрермен назарына бейнебаяндар ұсынылады. Көрермендерге аптаның ондығы және күн сайын жаңа бейнебаян үміткер ретінде ұсынылады. Халық таңдағанына дауыс береді. Негізгі ондықтың нәтижесі аптаның сенбісінде сарапталып, дауыстар жиналады.

Жеңімпаздың атын атаймыз. Сонымен қатар жаңа бейнебаянның тұсауын кесеміз. Мысалы, осы сенбіде Сәкен Майғазиевтің жаңа бейнебаянының тұсаукесері болады.

Көптеген жанкүйерлер мен фан-клубтар сұрақтар қойып жатыр. Айта кетерлігі, дауыс беру тегін. Көрермен сайтқа кіріп кез келген әншісіне дауыс бере алады. Бірақ жеңімпаздар апта соңында жарияланатын болады.

Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, дауыс беру жасырын түрде қабылданады. Байқау шынайы, әділетті түрде болады. Бұл Ұлттық арнаның ең басты шеруі», - дейді журналист.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу