Шыныбек Рахмашев «Балапан» арнасының жаңа маусымында «Аспаз мектебі»  бағдарламасын жүргізеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шыныбек Рахмашев «Балапан» арнасының жаңа маусымында «Аспаз мектебі»  бағдарламасын жүргізеді (ВИДЕО)

28.08.2017

Әлеуметтік желіде  өзін әр қырынан шыңдап, түрлі образды сомдап, жұртты өнерімен таң қалдырып жүрген пародист Шыныбек Рахмашев бүгін  «Таңшолпан» студиясында қонақта болды. 

Жұлдызы жарық Шыныбек өзінің ерекше қабілетінің арқасында көпшіліктің жүрегінен орын тауып үлгерді десек артық емес.

Бойындағы актерлік өнер туралы Шыныбек Рахмашев бұл алдымен, Алланың берген үлкен сыйы екенін айтады.

«Екіншіден, бойымдағы қабілет нағашы жұртымнан дарыса керек. Анам маған жүкті кезінде театр сахнасында қойылымдар ойнаған екен», - деді ол. 

10 жасынан бері пародия салуды ұнататын Шыныбек Рахмашев Астана қаласындағы Қазақ ұлттық  өнер университетінің актер-эстрада мамандығын тәмамдаған. 

Сонымен қатар, алдағы уақытта Шыныбекті  «Балапан» арнасының жаңа маусымында «Аспаз мектебі» бағдарламасынан көретін боласыздар.

Хабарламаларға жазылу