«Әйел бақыты». Кәртай Сағынбайұлы: Әйелді бастан, баланы жастан (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». Кәртай Сағынбайұлы: Әйелді бастан, баланы жастан (ВИДЕО)

15.08.2017

Ата көрген - оқ жонар, ана көрген - тон пішер. Бала ананың ақ сүтінен нәр алғанымен, әкеге қарап өседі. Әке жолын қуады. Отағасының тәрбиесімен қалыптасады. Бүгінгі әкелер қандай?

Бағдарламаға 58 жасар Кәртай Сағынбайұлы келді. Кәртай Сағынбайұлының бір ұлы бар.

«3 жыл ессіз, 5 жыл қозғалмай жаттым. Аяғым үгіттелген. Сол арада отбасымды жоғалттым. Әйелім баламды алып, кетіп қалған. Балам 7 жаста еді.

Біраз уақыттан кейін жүре бастадым. Есімді жиып, баламды іздедім. Оларды 20 жылдан артық іздедім. Барлық бағдарламаға хабарластым.

2009 жылы маған ұлым өзі қоңырау салды. Кездестік. Ана тәрбиесін алған бала, жатырқады. Балам маған бауыр баспады. Мінезі шатақтау. Өзіме тарта алмаған мен де кінәлі шығармын. Әйелді бастан, баланы жастан тәрбиелеу керек екен», - дейді Кәртай Сағынбайұлы.

 

 

Хабарламаларға жазылу