«40 жаста ана атандым...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«40 жаста ана атандым...»

02.09.2014
«40 жаста ана атандым...»

Дүниеге сәби әкелу – кез келген әйелдің арманы. Ал әйелдер арасында, 40 жастан асқанда да бала сүюге нар тәуекел ететіндер аз емес. Аналық сезімнің басым болуы әйелдерге мұндай қадамнан тартынбайтын ерекше күш берері хақ.

Әдетте, дәрігерлер әйелдің бала босануы үшін ең қолайлы уақыт 20 мен 35 жас аралығы екенін алға тартады. Алайда, түрлі себепке байланысты кейбір қыз-келіншек мұны елемеуге тырысады.

Кез келген мемлекеттің ғалымдары 50 жас түгілі, 40 жастан асқан кездегі жүктіліктің қауіп-қатері басым екенін айтып дабыл қағуда. Алайда, аты әлемге мәшһүр шетел жұлдыздары 40-жастан асқанда дүниеге сәби әкелуді заңды құбылысқа айналдырған.

Ал, психологтар мен гинекологтар өмірге баланы кеш әкелу — әйел денсаулығына нұқсан келтіретінін алға тартады. Сіз не дейсіз? Бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» ток-шоуын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу