Ертең Үкімет отырысында 2017-2018 оқу жылының басталуына дайындық барысы қаралады

14.08.2017
Ертең Үкімет отырысында 2017-2018 оқу жылының басталуына дайындық барысы қаралады

15 тамызда 2017-2018 оқу жылының басталуына дайындық барысы бойынша Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде - жаңа 2017-2018 оқу жылының басталуына дайындық мәселелері, ҚР Ұлттық инвестициялық стратегиясы және Ұлттық экспорттық стратегиясы жобалары.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынанан көруге болады.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбектің, Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменовтің, сондай-ақ, Kazakh Invest және Kazakh Export компаниялары бірінші басшыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Хабарламаларға жазылу