Елімізде сот шешімдерін орындау сапасы артты - Жанат Ешмағамбетов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде сот шешімдерін орындау сапасы артты - Жанат Ешмағамбетов

04.08.2017
Елімізде сот шешімдерін орындау сапасы артты - Жанат Ешмағамбетов

Қазақстанда сот шешімдерін орындау сапасы артты. Бұл туралы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру туралы баспасөз мәслихатында ҚР Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетов хабарлады.

2016 жылдан бастап мемлекеттік сот орындаушыларға тек қана мемлекет мүддесіндегі құжаттар келіп түседі. Қалған барлық санаттар құқықтары мен міндеттері едәуір ұлғайтылған жекеменшік сот орындаушыларының құзыреттілігіне жатқызылады.

«2015 жылдың соңында елімізде шамамен 1 000 ЖСО жұмыс істеді, қазіргі таңда олардың жалпы саны 1 498-ді құрайды, көмекшілер мен іс жүргізушілерді есепке алғанда, аталған салада 4 000-ға жуық жұмыс орны ашылған», - деді Жанат Ешмағамбетов.

Жекеменшік сот орындаушы жүйесін енгізген кезден бастап барлығы 4 784 лицензия берілген. Сонымен қатар, спикер жекеменшік сот орындаушыларындағы орындау құжаттарының саны артып келе жатқанын атап өтті. Егер 2014 жылы 352 мың, 2015 жылы - 936 мың болса, 2016 жылы олардың саны 2 млн-нан асты.

Жанат Ешмағамбетов қолданылған шаралардың арқасында министрлікке түскен сот орындаушыларына шағымдар саны азайғанын айтты.

 

 

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу