«Айтуға оңай...». Күйші Сержан Шәкірат: Домбыра мені қаламгерлікке қимады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Күйші Сержан Шәкірат: Домбыра мені қаламгерлікке қимады (ВИДЕО)

25.07.2017

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры, күйші Сержан Шәкіратты Маңғыстау жұртшылығы ерекше құрметтейді.

5 жасынан домбыра ұстаған өнерпаз әлі күнге дейін қолынан аспабын тастаған емес. «Есбай», «Есір», «Құлшар», «Өскенбай» күйлерін насихаттап, жиған мұраларын шәкірттеріне де үйретіп жүр.

Өз атасы Шәкірат та өнерге жақын болған, атақты Қашаған Күржұманұлы да Сержанның түп нағашысы. Негізгі мамандығы - журналист. «Ара», «Жұлдыз» журналдарында қызмет еткен. Қаламгердің «Күте тұрыңыз», «Маңғыстау күлкісі» атты жинақтары жарық көрді.

Бірнеше сатиралық туындалары Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақтаулы. Сержан Шәкірат бірнеше жыл мұнай саласында да қызмет етті. Алайда, бар ынтасы күйге ауып, өнерге деген іңкәрлігі басым түсті.

Өнерпаз бір сөзінде «Домбыра мені қаламгерлікке қимады», деп әзірдейді.

Хабарламаларға жазылу