Оралдық Қамар Сәрсекеноваға асырап-баққан балалары «Айтуға оңайда...» алғыстарын білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдық Қамар Сәрсекеноваға асырап-баққан балалары «Айтуға оңайда...» алғыстарын білдірді

21.07.2017

Қамар Сәрсекенова үшін бүгін ерекше күн. Себебі, тәрбиелеген балалары арнайы іздеп келді. Оларға Қамар өз анасындай болып кеткен.

Бір топта тәрбиеленген 20 баланың бірі - Мұхамбет Жакеев. Қазір ол Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік әскери бөлімінде аға сержант.

Ал, Әсел Сәрсенова – педагог, Света Қажиева бухгалтер-экономист мамандығын меңгерген. Жалпы, Қамар Сәрсекенованың қолында өскен балалардың барлығы бүгінде жоғары білімді мамандар.

«Мақтанғаным емес, бірақ 10 баламның біреуі де жаман болған жоқ. Бәрі де білім алды, жұмыс тапты, қазір үй алып жатыр. Осы балаларымның арқасында рахатқа бөленіп отырмын.

Қазір зейнеткермін. Үйде болсам да, балаларыма қарасамын. Өзімнің туған 7 балам бар. Олар үлкен, балалы-шағалы. Кейде немерелерімді бағамын. Балаларым мені ұмытпайды», - дейді Қамар Сәрсекенова.

Хабарламаларға жазылу