«Айтуға оңай...». Сүрбойдақтар санының артуы - азғындық насихатының өршуінен (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Сүрбойдақтар санының артуы - азғындық насихатының өршуінен (ВИДЕО)

11.07.2017

«Қазір Қазақстанда Еуропадағыдай сүрбойдақтардың саны артып отыр. Оның себептерің бірі – азғындық насихатының өршіп кетуі.

Мысалы, өткен аптада орталық мешітке бардым. Мешітке кірер алдында орамалды қыздар «nikah.ru» сайтының қағаздарын таратып тұр екен. Қуанып, үйге келіп, сайтқа кіріп қарасам өңкей шетелдіктер, кавказдықтар, басқа ұлт өкілдері. Ол қазақтарды шетелге шығару сайты екен. Тіркелу оп-оңай. Кейін ол сайттан мәліметтерді өшіру қиын екен. Мұны мешіттер істеп отыр ма десем, олардың қатысы жоғын білдім. Сонда, қаншама қыздарымыз  шетке кетіп жатыр. Қазір көптеген қаракөз қыздарымыз мәжбүрліктен жеңіл жүріске салынып жатыр.  Маған ең бастысы, иманды қыз керек», - дейді  «Айтуға оңай...» бағдарламасының кейіпкері Төлебек Қалыбай.

 

Хабарламаларға жазылу