Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев «Басты тақырыпқа» сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев «Басты тақырыпқа» сұхбат берді

06.07.2017

Бүгін - Астананың туған күні. Елорда  - 20 жаста. Осы 20 жыл ішінде Астана Қазақ елінің тек саяси әкімшілігі ғана емес, жаңа дәуірдің сәулеті мен дәулеті жарасқан жаңа қаласына, төл тарихымыздың жаңа парағына айналды.

Бүгінгі айрықша күнге орай «Басты тақырып» бағдарламасы да айрықша форматта шықты. Мерекеге орай бағдарлама жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевпен сұхбаттасты.

«Астананы көшіру туралы шешім алғаш ресми қабылданғаннан кейін бұған күмәнмен қарағандар көп болды. «Алатаудың баурайынан Сарыарқаның сары даласында аздаған жылдарда осындай қала сала аламыз ба?» деген күдіктер болғаны рас. Бірақ,  халқымыз үшін  өзінің Тәуелсіз мемлекетін құру, оның елордасын салу - арман болған. Бұл Елбасының тарихи еңбегі», -дейді Ермек Аманшаев.

Сонымен қатар, сұхбат барысында  Астананың халықаралық қауымдастықтағы алар орны да қозғалды. Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары елорда бүгінде бүкіл әлем таныған, мойындаған, ірі орталық екенін атап өтті.

Хабарламаларға жазылу