Ерлан Нысанбаев: Мемлекет басшысының қойған мақсаты – қолдан жасалған орманды табиғи орманмен қосу (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Нысанбаев: Мемлекет басшысының қойған мақсаты – қолдан жасалған орманды табиғи орманмен қосу (ВИДЕО)

03.07.2017

2020 жылға дейін «жасыл белдеу» жұмыстары негізгі үш бағыт бойынша жүргізілмек. Осы мәселеге қатысты Ерлан Нысанбаев:

«Елбасының тапсырмасы бойынша, алға қойған мақсатымыз -  «жасыл белдеуді» қала сыртына шығарып, Астана-Шучинск жолының екі жағына отырғызу. Ал, Мемлекет басшысының мақсаты – қолдан жасалған орманды табиғи орманмен қосу. Бұл маңызы бар үлкен жоба.

Бүгінде Астана қаласынан Шортандыға дейін біздің министрлік тарапынан отырғызылған ағаштар көлемі 3742 гектар, ал Шортандыдан Ақкөл, одан әрі Шучинскіге дейін Ақмола облысы әкімдігінің жұмысы. Олар бүгінге дейін 1828 га жерге ағаш отырғызды.

Одан тыс алдағы уақытта 747 гектар жаңа алқаптарға ағаш егіледі. Осылайша, біз Шучинскіге дейін орман көлемін жеткіздік деп айтуға болады. Дәл осы 747 гектар жер мақсатымызды толық орындауға мүмкіндік береді»,-дейді.

Айта кетейік, бүгінгі «Басты тақырып» «жасыл белдеу» мәселесіне арналды.

Хабарламаларға жазылу