Бүгінгі күні рок-н-ролл көп адамға ерсі көрінеді. Рок-н-ролл әрқашанда пуритандық көзқараспен күресіп келді. Рок әншісі Әсем Көпбаева бағдарлама қонағы болып, рок-н-роллға қатысты пікірін білдірді.
«Мен үшін рок-н-ролл жаңа социалдық құбылыс. Әлемге, адам баласына өзгеріс, еркіндік әкелді. Рок-н-ролл бүкіл әлемді өзгертті десе де болады.
Өзім рокты сүйемін. Алғашында мен осы стильде ән айтқанда, мені халық жақтырмады. Алайда кейін әнімді тыңдап, өзімді көргеннен кейін үйренді. Халықты алдай алмайсың. Мен шын жүректен айтамын. Рок тек еркіндік емес, ол - менің ішкі сезімім», - дейді Әсем ханым.