Жанарбек Ақыбиұлы: Шеттегі сағыныш өте қиын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанарбек Ақыбиұлы: Шеттегі сағыныш өте қиын (ВИДЕО)

22.06.2017

Кешелі бер арқа баурайына жердің шалғайынан қандастар келіп жатыр. Ертең Елордада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы басталады. Қиыр жайлап, шет қонған қандастар бұл жиынды тағатсыз күтетіні анық. Атамекеннің ауасымен тыныстап, жусанын иіскеп, мауық басады. Жан-жақтағы бауырлардың сағынышын жеткізеді. Ертеңгі құрылтайға 39 елден 750 делегат келді. Солардың бірі - Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан келген қандас, альпинист Жанарбек Ақыбиұлы бүгін «Басты тақырыпта» қонақта болды.

Мыңдаған шақырымды басып өтіп, атамекенге келгендегі сезімімен бөліскен Жанарбек Ақыбиұлы «қандай күй кешкенімді сөзбен жеткізу мүмкін емес»,-дейді.

«Шеттегі сағыныш өте қиын. Қиырда жүргенде тұла бойыңды сағыныш кернеп жүреді. Ал, туған жерге келгендегі сезімді жеткізу мүмкін емес. Біз осы жолы Астанаға Ұлан-Батор, Бейжің арқылы Астанаға. Сонда көзге бірден түскені Астананың тазалығы. Қазақтың жүрегі қандай таза болса, Астана да сондай»,-дейді.

Хабар барысында Жанарбек Ақыбиұлы Моңғолия қазақтарының бүгінгі тіршілігіне де тоқталды.

«1962 жылы Сәбит Мұқанов барып, Моңғолия қазақтарын мақтап кеткен. «Сіздерде екі керемет нәрсе бар екен. Бірі – құсбегілік өнер, екіншісі – сыбызғы. Осы екеуі бізде құрып бара жатыр» деп еді. Бүгінде сол Сәбит Мұқанов жоқ деген дүниені Қазақстан керемет дамытып алды. Өзінде жоқты жан-жақтан әкеліп алды. Ал, шеттегі қазақтың қазақ болып қалуына қатысты ештеңе айта алмаймын»,-дейді.

Хабарламаларға жазылу