«Әйел бақыты». Отандық бренд иелерінің бірі Арман Тосқанбаев 24 жасында 4 компания ашқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». Отандық бренд иелерінің бірі Арман Тосқанбаев 24 жасында 4 компания ашқан

21.06.2017

Қазақстанда жасалған отандық брендтерді қаншалықты пайдаланасыз? Олардың бағасы мен сапасы көңіліңізден шыға ма? Осындай отандық бренд иелерінің бірі - 25 жастағы Арман Тосқанбаев.

Тәуелсіздік құрдасы Арман Тосқанбаев 2016 жылы «Отан» брендімен жасаған сағатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқан болатын. Бүгін бағдарлама қонағы болып, өз еңбегінің жемісі, алдағы мақсаттарымен бөлісті.

«Мен 15 жасымда компьютер жөндеуді үйрендім. 17 жасымда алғаш дүкен аштым. 18 жасымда Ресейге оқуға түстім. 24 жасымда 4 компания аштым.

2 жыл бойы әйелдерге сағат жасаған жоқпыз. Себебі, әйел затына бұйым жасау қиын. Ол үшін бір жыл жұмыс істедім. Дизайнын өзім ойлап таптым. Қазір сағаттар 4 түсте шығады. Өзіме ұнайды. Гаухар тастармен безендірілген.

Әрине, Елбасына сағат сыйлағаннан кейін сату көрсеткіштері мың есе өсті. Онымен қоса, бұл сағатты елімізден Өзбекстанға барған делегация президент Шавкат Мирзиёевке сыйлады», - дейді Арман.

Хабарламаларға жазылу