Жанар Айжанова: «Музыкатерапияның» қойылымы жарқын көңіл күй сыйлады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанар Айжанова: «Музыкатерапияның» қойылымы жарқын көңіл күй сыйлады (ВИДЕО)

18.06.2017

«Ән салады мамандар» жобасының финалына 7 топ шықты. Солардың бірі - «Музыкатерапия» тобы.

Топ мүшелері өздерін өзге қырыдан танытуға мүмкіндік берген Ұлттық арнаға ризашылықтарын білдірді.

Финалға Бүркіт пен Аишаның «Бәрі жақсы болады» әнін алып шыққан топқа қазылар алқасының мүшесі Арман Дүйсенов қойылымның тамаша әсер қалдырғанын, өте көңілді болғанын айтты.

Жанар Айжанова: «Мен әуелде бұл топтың финалға шығатынына сенбеп едім. Бірақ, бүгін ерекше дайындалып келгендері көрініп тұр. Өткен кезеңде берген уәделерінде тұрды. Ал, әнмен үндескен қойылымдарыңыз бізге ерекше жарқын көңіл күй сыйлады».

Хабарламаларға жазылу