Әйгілі Джеки Чан бүгін «Түнгі студияда» қонақта (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйгілі Джеки Чан бүгін «Түнгі студияда» қонақта (ВИДЕО)

15.06.2017

Бүкіл әлем бойынша миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған актер, кинорежиссёр, продюсер, сценарист, әнші Джеки Чан бүгін «Түнгі студияда» қонақта.  

Актер жуырда Қазақстандағы Қытай киносы фестивалі аясында Астана келген еді.

Елордаға сапары барысында Джеки Чан баспасөз мәслихатына қатысып, қазақстандық журналистердің сауалдарына жауап берді, фестивальдің ашылу салтанатында ән шырқады.  Сондай-ақ, «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ток-шоуына түскен болатын.

Бағдарлама бүгін 23:30-да эфирге шығады.

Айта кетсек, Қытай киносы фестивалі Астанада 18 маусымға дейін жалғасады. Елордалықтар мен қала қонақтары шара аясында «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады. Фильмдер «MEGA Silk Way» сауда орталығындағы «Chaplin» кинотаеатрында  көрсетілуде.

 

Хабарламаларға жазылу