Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай «Басты тақырып» балалар әдебиетінің қазіргі ахуалы туралы сөз қозғады. Студия қонағы – ақын, драматург Серік Тұрғынбекұлы.
«Бүгінгінің баласын кітапқа қалай қызықтыруға болады?», деген сауалға қаламгер «Бала санасының оянуына батырлар жыры, яғни, фольклорлық шығармалар көп әсер етеді. Біріншіден, бұл балаға кітап болып жетпей жатыр. Екінші, коммуникациялық құралдар арқылы насихат керек.
Біздің кезімізде бір кітап 10 мың данамен шығатын. Соның өзі аздық етті. Ал, қазір оған жету мүмкін емес сияқты. Кітап аз таралатындықтан, балалар тақырыбында жазып жүрген кейінгі ақын-жазушыларды да білмей қалып жатамыз. Бұған мемлекеттік тұрғыдан қарасақ, қаламгерлердің қолынан бәрі келеді», - деген пікірін білдірді.
Ал, балаларға арналған кітаптардың сан алуан түрін шығаратын, бірақ, сапасынан «бет қызаратын» баспалар туралы не дейді? Балалар кітаптарына қандай қандай талаптар қойылуы керек? Белгілі жазушы алдағы уақытта қазақ оқырмандарына не ұсынады? Сұхбат барысында осы сауалдарға да жауап таба аласыздар.