«МузАрт Life» тобының жігіттері бағдарлама қонағы болды.
Бүгін – балаларды қорғау күні. Осыған орай әншілер бағдарлама барысында балалық шаққа саяхат жасады. Сондай-ақ, әншілер көрермендерге ән тарту етті.
«Балалық шағым қызық өтті. Отбасымда бесеуміз, мен кішісімін. Сондықтан, ерке болып өстім. Әулетімізде өнер адамдары бар. Әкем ән айтады, әпкем опера әншісі. Мен болса, өнерге 2012 жылы келдім», - дейді Сұлтан.
«Бала кезімде өте ерке, бұзық болдым. Өзімнен үлкен балаларды ұратынмын. Ал, балалар күні мейрамында алаңға барып, сурет салатынбыз», - дейді Нұрхат.