Махаббат шексіз. Махаббатта шекара жоқ. Әрине бұған келісуге болады. Алайда, жүректің дүрсілімен емес, саусақтың тырсылымен жеткізетін ғаламтордағы ғашықтыққа сенуге бола ма?
Ғаламтор арқылы танысып, ғашық болған жандарға қатысты спортшы, бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусінов өз пікірін білдірді.
«Әлеуметтік желіні жиі қолданамыз. Ақпарат, жаңалықтарды да әлеуметтік желіден аламыз. Кейде адамдар жекеге жазады. Бірақ, артық нәрсе жазған емес.
Желідегі махаббатқа, жалпы, адамдардың бірін-бірі тауып, отбасын құрып жатқанға жақсы қараймын. Ғаламтор арқылы танысқан кездерім де болды. Бірақ, жұбайыммен ғаламтор арқылы емес, өмірде таныстым», - дейді спортшы.