Соңғы 5 жылда елімізде кәмелет жасқа толмаған 33 мыңнан астам қыз жүктілікке тап болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 5 жылда елімізде кәмелет жасқа толмаған 33 мыңнан астам қыз жүктілікке тап болған

13.05.2017

Соңғы 5 жылда Қазақстанда 18 жасқа толмаған 33 мыңнан астам қыз жүкті болып қалған. Оның 10 мыңға жуығы аборт жасатқан. Далаға тастап кеткендері бар. Көшеге лақтырылған 10 сәбидің 7-еуі өлім құшады.

«Шақалақ далада 30 минуттан артық жатса, тірі қалуы екіталай. Аман қалғанның өзінде өкпе-бауырына суық тиеді. «Baby box»-тың іші жылы, сәби салынған бетте есігі автоматты түрде кілттенеді. Бұл - қауіпсіздік үшін қажет», - дейді  дәрігер Михаил Савенков қоғамда екіұдай пікір туғызып жатқан «қорапша» туралы.

Мамандардың айтуынша, жасына жетпей жүкті болып қалатындардың көбі жігітпен желіде танысатындар.

«Қыз баланың мұндай күйге түсуіне үйдегі тәрбиенің де ықпалы бар. Сондықтан, қысылтаяң шақта одан бас тартудың қажеті жоқ», - дейді психолог Майра Тойшыбекова.

 

Толық нұсқа:

Хабарламаларға жазылу