Батыр Жүкенбаев: Спортта барлығы әділетті деп айтуға болмайды  (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыр Жүкенбаев: Спортта барлығы әділетті деп айтуға болмайды  (ВИДЕО)

13.05.2017

«Сенбілік таң» бағдарламасы кәсіпқой боксшы, «IBO international»  белбеуінің иегері  Батыр Жүкенбаевтың отбасында қонақта болды.  Ол бағдарламада спорт саласына қалай келгендігімен бөлісіп, отбасы мүшелерімен жақынырақ таныстырды.

«4-5 сынып оқып жүргенімде 2 ай көлемінде күреспен айналыстым. Содан кейін күрес үйірмесі жабылды. Одан кейін ағамның айтуымен боксқа бара бастадым. 2 аптадан кейін Таразға жарысқа барып, 3-ші орын алдым. Бокстағы мансабым осылай басталды. Ал, 2015 жылы Канада елінен кәсіби боксқа ауысу туралы арнайы ұсыныс келді.», - дейді спортшы.

Қазір Батыр Жүкенбаевтың  кәсіби бокста жүргеніне 1,5 жыл. Ол осы уақыт аралығында  9 жекпе-жек өткізіп, оның 8-ін нокаутпен аяқтаған.

«Спортта барлығы әділетті деп айтуға болмайтын шығар,  әділетсіз болатын жерлері де көп. Ондай сәттер бізге берілген сынақ. Әр қиындықтың артында бір жеңілдік болатынына сенемін», - дейді ол.

Хабарламаларға жазылу