Балаларға «Youtube» пен әлеуметтік желілерге кіруге шектеу енгізгенде нені қаперге алған дұрыс? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларға «Youtube» пен әлеуметтік желілерге кіруге шектеу енгізгенде нені қаперге алған дұрыс?

02.05.2017

Қазақстанда балаларға «Youtube» пен әлеуметтік желілерге кіруге шектеу енгізілуі мүмкін. Бүгін Парламентте баланың дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауды көздейтін заң жобалары таныстырылды. Заң жобаларына Парламенттің бір топ депутаты бастамашылық етті.

 

Балалар үшін әлеуметтік желілерге шектеу енгізгенде нені қаперге алған дұрыс? Шетелдік сайттардан келетін зиянды қалай шектеуге болады?

 

«Қытайда интернетті 100 мың адам қадағалайды. Иранда 40 мың адамнан тұратын құрылым бар. Бұл жағынан қытайлық тәжірибені елеп-ескерсек деймін. Тәжірибе – көшіріп алу емес, қажетті жақтарын пайдалану», - дейді мәселе төңірегінде «Басты тақырыпқа» сұхбат берген  «Ұлттық интернет» ассоциациясының президенті Серікқазы Кәкібаланов.

 

Сарапшының біраз жылдардан бері айтып келе жатқан қазақ тіліндегі танымал интернет-ресурстары үшін мемлекет тарапынан грант бөлу мәселесі назарға ілікті ме, қалай шешімін табуда?

 

«Осы мәселемен талай банктерге, меценаттарға бардым. Бәрі өздеріне келетін пайдасын сұрайды. Мұның идеологиялық пайдасын түсінбей, қолға алу - қиын мәселе. Сондықтан, Үкімет тарапынан көңіл бөлінсе», деген пікірін білдірді.

 

Сондай-ақ, қазіргі кезде түрлі сайттардан, әлеуметтік желілерден бөлек, электронды пошта арқылы таралатын зорлық-зомбылық көбейіп барады. «Шетелдік пошталық серверлерге тәуелді болмау үшін не істеу керек?», деген сауалға студия қонағы «Техникалық жағынан бірқатар мәселелер шешілген. Бірақ, насихатталмай келеді. Сол үшін әлі күнге дейін «майл.румен» жүрміз. Бұл жерде де мәселе идеологияға келіп тіреледі», - дейді.

 

Сонымен қатар, сарапшы «түрлі онлайн ойындардан сақтандыру жайы қабылданатын заң жобасында қатаң бекітілсе», деген ойын жеткізді.

 

Толығырақ:

 

Хабарламаларға жазылу