Берік Әбдіғали: Кез келген жетістікке жеткен азамат «туған жеріме не істедім?» деп ойлануы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берік Әбдіғали: Кез келген жетістікке жеткен азамат «туған жеріме не істедім?» деп ойлануы керек

30.04.2017

«Туған жерге туыңды тік!» тақырыбымен өткен «1 студия» бағдарламасының бүгінгі қонақтары – «Ауыл» партиясының төрағасы, Сенат депутаты Әли Бектаев, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, ҚСЗИ директорының кеңесшісі, саясаттанушы Берік Әбдіғали және өлкетанушы Бекболат Төлегенұлы.

 

«Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі». Елбасы  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсына отырып, осылай деді.

 

Бүгінгі бағдарлама қатысушыларына да «Туған жеріңіз үшін қандай жақсылық жасадыңыз?» деген сауал қойылды.

 

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан:

Мақтан үшін емес, үлгі ретінде айтып кетейін. Ауылдың өлім-жітім, той-томалағынан қалмауға, яғни, кіндік үзбеуге тырысамын. Бұл – бірінші. Екіншіден, осыдан 10 шақты жыл бұрын ауылым Жаңарқаның кітапханасына біршама кітап өткіздім. Тек туған ауылыма ғана емес, еліміздің қай жері бөлсін бөліп-жаратыны жоқ. Қазақтың қай жерінен болмасын қолқа салатындар болса, бас тартып қалған кезім жоқ.

 

Сенат депутаты Әли Бектаев:

Туған жеріме айына кем дегенде бір рет барып тұрамын. Қолымнан келгенше суын, жолын, тыныс-тіршілігін жақсарту үшін қызмет етіп келе жатрымын.

 

Саясаттанушы Берік Әбдіғали:

Кез келген жетістікке жеткен азамат «туған жеріме не істедім?» деп ойлануы керек. Аудандарда қаражат бар, тек білікті мамандар жетіспей жататыны рас.  Астанада қызметте жүріп, туған жеріме сұранып аудан әкімі болып бардым. Шамам келгенше қызмет етуге тырыстым.

Хабарламаларға жазылу