Нұргүл Мұқтарбекқызы:  Елордада ЭКСПО көрмесіне еріктілерді қабылдау әлі де жалғасуда (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұргүл Мұқтарбекқызы:  Елордада ЭКСПО көрмесіне еріктілерді қабылдау әлі де жалғасуда (ВИДЕО)

19.04.2017

 «Таңшолпанда»  «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Ілгерілету және туризм департаментінің бас менеджері Нұргүл Мұқтарбекқызы мен ерікті Аида Сыздықова қонақта болды.

«ЭКСПО көрмесінің еліміз үшіні маңызы зор. Өйткені, бұрын-соңды осындай іс-шаралар өткізілмеген. Яғни, 3 ай бойы көрме алаңында 4500 ерікті жұмыс жасайтын болады. Бұл әрине, еріктілер қозғалысының дамуына  - үлкен серпіліс», дейді Нұргүл Мұқтарбекқызы.

Бас менеджер еріктілерге қойылатын талаптарға да тоқталып өтті.  «Біріншіден, еріктілер 18 жасқа толуы керек. Екіншіден, бір немесе бірнеше тілді жетік білгені жөн. Үшіншіден,  патриоттық сезімі, яғни, ЭКСПО сынды шараға өзінің үлесін қосу ынтасы болуы керек.  Сонымен қатар, олардың біліктілігі мен тәжірибесінің болуы да қаралады», дейді ол.

Айта кету керек, елордада еріктілерді қабылдау әлі де жалғасуда.  

Хабарламаларға жазылу