Қымбат Досжан: Біздің көрермендердің 90 пайызы өңірлерде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қымбат Досжан: Біздің көрермендердің 90 пайызы өңірлерде

18.04.2017

Белгілі журналист, тележүргізуші Қымбат Досжан мен Данияр Меңлібеков «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта.

Қонақтар сұхбат барысында Ұлттық арнаның «Басты ақпарат» жобасы туралы, оның ерекшеліктері мен міндеттері жайлы кәсіби көзқарастарымен бөлісті.

«Менің ойымша, телеарнадағы қандай бағдарлама болсын ол көрерменнің сұранысына, талабына сай өзгеріп отыруы керек. Жалпы, бағдарламаның өзгеріп, толысып, жетіліп отырғаны дұрыс», - дейді журналист Данияр Меңлібеков.

Бұл туралы Қымбат Досжан: «Мәселен, әлеуметтік желіден таңертеңнен кешке дейін бүкіл ақпарат ағымын оқып отырғандар кешкі сегізде «Біз бәрін біліп отырамыз, оның несі жаңалық?» деген секілді пікірлер айтады.

Жалпы, Қазақ телевизиясының қалыптасқанына 60 жылдай уақыт болады. Сол 60 жылдың ішінде «бізге телевизия керек емес» деген ешқандай сөз болған емес және болуы мүмкін де емес. Өйткені. бейне әр арна журналистерінің әр жаңалыққа деген көзқарасы, оны сараптап беруі қабысқан кезде ғана толық 100 пайыздық дәлдікпен беріледі. Сонымен қатар, өңірлердегі Ұлттық арна көрермендерінің бәрінде смартфон жоқ екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан, біздің көрермендердің 90 пайызы өңірлерде», - дейді. 

Айта кетейік, Ұлттық арнаның «Басты ақпарат» бағдарламасы дүйсенбі-жұма аралығында 20:00-де елімізде және шетелде болып жатқан күннің ең маңызды, ең өзекті ең қызық, оқиғаларын көрермен назарына ұсынады. 

Хабарламаларға жазылу