«Айтуға оңай...». Назым: Әуестіктің әлегін тартып жатырмын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Назым: Әуестіктің әлегін тартып жатырмын (ВИДЕО)

13.04.2017

Назымның 4 жастағы ұлы өте зерек. Ол болашақта «әнші болсам» деп армандайды. 18 жасында тұрмысқа шыққан Назымның алғашқы күйеуімен дәм-тұзы жараспады. Бірнеше жылдан кейін бір азаматпен тағы шаңырақ көтереді. Алайда, бұл бақ та дұрыс болмады.

 

«Бірінші күйеуіммен сүйіп қосылдық. Бірақ, оның анасы қарсы болды. Сосын ажырастық. Баламның құжаттарын алып қалды. Осы күнге қайтарып бермеді. Көп қиындық көрдім. Бірнеше жылдан кейін қайта тұрмысқа шықтым.

Оның нашақор екенін білдім. Бірақ оған мән бермедім. Ата-анасы, бауырлары нашақор екенін біледі. Туыстары одан әбден шаршаған. Үйде ашықтан-ашық жатады анашасы. Кезінде ол «Балаң бар, жесір екеніңді білемін, көмектесемін» деді маған. Мен оған сендім. Біраз жақсы тұрдық. Арасында ұрыс-керіс те болды. Шыдадым.

Кейін баламды ұрысып, ұра бастады. Балаға жете алмай жүрген ер адамдар да бар ғой. Мен болса «адам болып кетер. Мен үшін болмаса да, бала үшін адамша өмір сүреді» деп ойладым. Үмітім болды. Алайда, бірі керісінше болды. Енді мен шыдай алмаймын. Бірақ одан қорқамын. «Баланы алып кетемін» деп қорқытады. Маған не балаларыма зияны тиеді деп қорқамын», - дейді Назым.

Хабарламаларға жазылу