«Сенбілік таң» әнші Өмірқұл Айниязовтың шаңырағында қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» әнші Өмірқұл Айниязовтың шаңырағында қонақта

01.04.2017

«Сенбілік таң» бағдарламасы өмірсүйгіш, өнерсүйгіш дарынды азамат, дәстүрлі әнші, эстрада әншісі Өмірқұл Айниязовтың шаңырағында қонақта болды.

Бағдарлама барысында әнші отбасы мүшелерімен таныстырып, өнер жолына қалай келгендігімен бөлісті.

«Мен өзім 8 айлығымнан бастап ата-әжемнің қолында өскенмін. Бастауыш мектеп бітіргенге дейін сол кісілердің қолында болдым. Одан кейін әке-шешемнің қолына келіп, оқуымды жалғастырдым. Әли атам біздің  үйде барлық ер адамдардың есімдерін Ө әріпінен бастап қойған.  Мысалы, әкем–Өтеген, одан кейін Өтепберген, Өтеміс, Өтемұрат және алғашқы немересін мені Өмірқұл деп қойған», дейді әнші.  

Хабарламаларға жазылу