Актер Тәуекел Мүслім: Кәсіби актермен бір киноға түсуді армандаймын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Актер Тәуекел Мүслім: Кәсіби актермен бір киноға түсуді армандаймын (ВИДЕО)

30.03.2017

Актер, әнші, тележүргізуші Тәуекел Мүслім бағдарлама қонағы болды. Актер өмірдегі, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Басты жаңалық – ол биыл экранға шыққан екі толықметражды кино. Көрермендердің оң бағасын алып жатырмыз. Алдағы уақытта жоспарымызда жаңа жобалар бар.

Актер болғаннан кейін маған барлық рөлдер қызық. Егер, ішкі дүниемді көрсетуге мүмкіндік болса, ол бірінші немесе қосымша рөл болса да, ойнауға келісім беремін.

Мен әлі де зерттеу үстіндемін, өз образымды іздеудемін. Кәсіби актермен бір киноға түсуді армандаймын. Мен үшін - бұл үлкен тәжірибе», - дейді Тәуекел Мүслім.

Хабарламаларға жазылу