Досхан Жолжақсынов отбасымен «Бүгін жексенбіде» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Досхан Жолжақсынов отбасымен «Бүгін жексенбіде» қонақта

02.03.2017
Досхан Жолжақсынов отбасымен «Бүгін жексенбіде» қонақта

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әнші Өмірқұл Айниязов 15 наурызда  Астанадағы «Конгресс холл» сарайында «Ел үшін туған ер болсаң...» атты жеке ән кешін өткізеді. Осыған орай әнші «Бүгін жексенбі» бағдарламасында қонақта болып, концертке дайындық барысы туралы әңгіме өрбітпек.

Таңғы бағдарламаға сонымен қатар, Досхан Жолжақсынов пен жары Қаракөз Сүлейменова қонаққа келмек.

4 наурыз Астанада Йогадан Сати Казанованың қатысуымен  шеберлік сыныбы өтеді. Йоганың қыр-сырын білгіңіз келсе, Серікгүл Сұлтанқажының сюжетін көріңіз.

  • 16 наурыздан бастап «Наурыз.kz» фильмі көрермендер жол тартады. Фильм не туралы?
  • «Оскар» жүлдесімен марапатталғандар кімдер?
  • Диас Әзімжановтың «Ультио» фильмі 70-ші Канн фестиваліне Қазақстан атынан ұсынылмақ. Аталмыш туындының ерекшелігі неде?

Кино әлеміндегі осы және өзге де ақпараттар  туралы Перизат Әбішеваның  «kino.kz» айдарынан біле аласыздар.

Бір орынды тікұшақ жасалды. Тікұшақтың тағы қандай артықшылығы бар? Көптен күткен LG G6 смартфоны Барселонада көпшілікке ұсынылды. Халықтың пікірі қандай? Аманбек Мағзұмхан «Hi-tech» айдарында толығырақ айтып береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Бүгін жексенбі» бағдарламасын әр жексенбі сайын сағат 09:30-да тамашалай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу