Бүгін - Дүниежүзілік зарарсыздандыру күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Дүниежүзілік зарарсыздандыру күні

01.03.2017
Бүгін - Дүниежүзілік зарарсыздандыру күні

28 ақпан, сейсенбі, 2017 жыл

Дүниежүзілік зарарсыздандыру күні

Жыл сайын ақпанның соңғы сейсенбісінде аталып өтеді. Алғаш рет 1995 жыды АҚШ-та аталып өтеді.

Халықаралық сирек кездесетін аурулар күні

EURORDIS сирек кездесетін ауруларды зерделеу бойынша еуропалық ұйымның бастамасымен жылдағы ең сирек ай - 29 ақпан - халықаралық сирек кездесетін аурулар күні мәртебесін ресми түрде алды. жыл 28 -іне аяқталса, сол күні атап өтіледі. Оның мақсаты - жұртшылық назарын сирек кездесетін аурумен ауыратын адамдардың пробемасына аудару, олардың өміріне ықпал ету.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

63 жыл бұрын (1954) Қостанайға жас тың игерушілердің алғашқы легі келіп жетті.

ЕСІМДЕР

171 жыл бұрын (1846-1945) ұлы ақын, жырау, жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл ЖАБАЕВ дүниеге келді.

106 жыл бұрын (1911-1991) ғалым, жылқы түлігі жөніндегі білікті маман, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты БЕЛЯЕВ Александр Иванович дүниеге келді.

99 жыл бұрын (1918-1975) композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі КӘРІМБАЕВ Садық дүниеге келді.

89 жыл бұрын (1928-1990) актриса, Қазақстанның халық әртісі РУЖЕВА Алтын Ибрагимқызы дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1944) «Сымбат» сән бизнесі академиясының президенті-ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, өнертану доценті, техникалық ғылымдардың докторы, ҚР Ұлттық инженерлік академияның мүше-корреспонденті, Жетісу ауданының құрметті азаматы АСАНОВА Сабыркүл Жайлаубекқызы дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу