«Hunan» телеарнасының «Singer-2017» ән байқауының алтыншы кезеңі эфирден көрсетілді. Байқауда өнер көрсетіп жатқан отандасымыз Димаш Құдайберген әлемге танымал әнші Лара Фабианның репертуарынан «Adagio» әнін шырқап, бірінші орын алды.
Айта кетерлігі, аталмыш жобада жақсы өнер көрсеткен Тан Цин бұл өнер бәсекесінен кеткенін хабарлады. Бұған нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ол 1998 жылғы «Азия дауысында» үшінші орын алған. Сондай-ақ, Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында ән шырқаған еді.
Алтыншы кезеңнің қорытындысы бойынша гонконгтық әнші Sandy екінші орынды еншіледі. Еске сала кетейік, Димаш жетінші кезеңде қазақтың халық әні «Дайдидауды» айтып, үшінші орын алғанын хабарлаған болатынбыз. Бұл кезең эфирден 4 наурызда көрсетіледі.
inform.kz