2 миллион тұрғын жылдам интернетпен қамтылады

24.02.2017
2 миллион тұрғын жылдам интернетпен қамтылады

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобасы Үкіметке мамыр айында ұсынылады. Бүгін Мемлекет басшысының жолдауында белгіленген міндеттерді  іске асыру тетіктері жөнінде баяндаған Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деді.

Сондай-ақ, мекеме басшысы 2020  жылға дейін елдегі 1300-ге жуық ауыл  оптикалық-талшықты желімен қамтамасыз етілетіндігін айтты. Бұл  енді  облыс орталықтарынан тысқары жатқан елді мекендердің 2 миллионға жуық тұрғыны интернетті емін-еркін пайдаланады деген сөз.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу