«Ананы іздеу» отбасылық комедиясында басты рөлді сомдайтын актер Азамат Ұланов «Бүгін жексенбіде» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ананы іздеу» отбасылық комедиясында басты рөлді сомдайтын актер Азамат Ұланов «Бүгін жексенбіде» қонақта

11.02.2017
«Ананы іздеу» отбасылық комедиясында басты рөлді сомдайтын актер Азамат Ұланов «Бүгін жексенбіде» қонақта

Азамат Ұланов - қырғызстандық актер бала. 16 ақпаннан бастап көрсетілетін отандық туынды «Ананы іздеу» отбасылық комедиясында басты рөлді сомдайды.

Фильм анасын іздеп Америкаға аттанған Азамат есімді бала туралы. Оның есте сақтау қабілеті жоғары, кез келген ақпаратты үтір-нүктесіне дейін жадында сақтайды. Алайда, туған анасының түрі есінде жоқ. Фильмдегі басты рөлдердің бірін Тәуекел Мүслім ойнайды.

  • Ойын-терапиясы. «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - дейді, ұлы ойшыл Абай Құнанбаев. Аталмыш терапиямен кәдімгі ойынның айырмашылығы қандай?
  • Елордада 5 наурызға дейін ресейлік үлкен жануарлар циркінің өнерпаздары «Африка алыптары» атты керемет шоу бағдарлама ұсынады.
  • Қуат көзіне арналған магнит жарыққа шықты.
  • «Кино.kz» айдары. Никола Тесла мен Марк Твеннің достығы туралы көркем фильм түсіріледі. Жарыққа шығатын тағы да басқа отандық туындылар...
  • EXPO-2017 көрмесі
    Қытайдың  «I am a Singer» байқауына қатысып жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергеновке қатысты ақпараттар жиынтығы.
     

Ертең 09:30-11:00 аралығында «Бүгін жексенбі» бағдарламасынан көріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу