Мектеп қабырғасында сегіз жыл бойы Сұлтанұлы болып өскен Әкім Ысқақ тегінің бір-ақ күнде қалайша Ысқақов Әкім Әбдіқайымұлы болып өзгеріп кеткені турасында айтып берді.
«Бірінші сыныптан бастап тегім Сұлтанов болды. Атамның атында жүрдім. Оның өзгеріп кететінін өзім де білген жоқпын. Себебі, туғаннан ата-әжемді ата-анам деп, әкемді ағам деп өстім. Қазақы тәрбие ғой. Сегізінші сыныпта комсомолға өттім. Сол кездері атам да қайтыс болды. Қабырғам қайысып жүргенде, комсомол билетін алуға бардым. Қарасам, аты-жөнім «Ысқақов Әкім Әбдіқайымұлы» деп жазылыпты. Үйге жеткенше жылап келдім...»
Бүгін «Сенбілік таң» отбасылы-танымдық бағдарламасы қоғам қайраткері, ақын, сазгер, ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің бас инспекторы Әкім Ысқақтың отбасында қонақта болды.