Барша қазақстандықтарды толғандыратын бір ғана сұрақ бар. Ол Наурыз айында неше күн демалатынымыз. Жақында Қазақстан Үкіметінде 2017 жылғы мереке күндерін ауыстыру бойынша Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Жарлыққа қол қойды.
Наурыз айындағы мерекеге орай қазақстандықтар 5 күн (19 наурыз жексенбіні қоса есептегенде) демалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен, 18 наурыз – бұл жылы жұмыс күні (шешім бойынша), 19 наурыз – жексенбі, 20 наурыз – дүйсенбі, 21 наурыз – сейсенбі, 22 наурыз – сәрсенбі және 23 наурыз – бейсенбі - демалыс күндер. 24 наурыз – жұма – жұмыс күні. Сондай-ақ, тағы екі күн демалыс.
Еске салайық, мереке күндерін ауыстыру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жасалды.
Айта кету керек, шешімге сәйкес қазақстандықтар Астана күнін 6-ыншы шілде (бейсенбі) және 7 шілде (жұмыс) күндері атап өтеді. Сондай-ақ, қазақстандықтар 8-9 шілде күндері (сенбі және жексенбі) демалады.