Бүгін - Халықаралық көші-қон күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Халықаралық көші-қон күні

18.12.2016
Бүгін - Халықаралық көші-қон күні

Халықаралық көші-қон күні

ЭКОСОС-тың ұсынысы бойынша 2000 жылғы желтоқсанның 18-інде БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. 1990 жылғы желтоқсанның 19-ында барлық еңбек етіп жүрген оралмандарды және олардың отбасын қорғау туралы халықаралық конвенция қабылданды.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

24 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасының «Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы жарық көрді.

8 жыл бұрын (2008) Қарағандыда танымал ғалым, Қарағанды мемлекеттік политехникалық институтын көп жылдары бойы басқарған Әбілқас Сағыновқа арналған ескерткіш тақта ашылды.

 

ЕСІМДЕР

147 жыл бұрын (1869-1919) қоғам қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату жолында күрескендердің бірі Әділбек МАЙКӨТОВ  дүниеге келді.

82 жыл бұрын (1934) қазақстандық сәулетші, Қазақстанның Еңбек сіңірген әрі құрметті сәулетшісі Станислав Ильич МОРДВИНЦЕВ дүниеге келді.

96  жыл бұрын (1920) ақын, жазушы, аудармашы  Қажымұрат СЫЗДЫҚОВ дүниеге келді.

44 жыл бұрын (1972)  Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Әлихан Асханұлы  СМАЙЫЛОВ дүниеге келді. Алматы қаласында дүниеге келді.  

39 жыл бұрын (1977) «Қазақстан» РТРК АҚ, «Балапан» балалар телеарнасының директоры, қазақстандық тележүргізуші, «Әйел бақыты» ток-шоуының авторы және жүргізушісі, телевизиялық продюсер, медиа-менеджер және танымал  журналист Сеңгірбекова Ләйлә Сұлтанқызы дүниеге келді.

95 жыл бұрын (1921-1997) кеңестік және ресейлік актер және сайқымазақ Юрий Владимирович НИКУЛИН дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу