Данияр Елеусінов Президентке еліміздің ресми ұраны туралы ұсыныс айтты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Данияр Елеусінов Президентке еліміздің ресми ұраны туралы ұсыныс айтты (ВИДЕО)

15.12.2016
Данияр Елеусінов Президентке еліміздің ресми ұраны туралы ұсыныс айтты (ВИДЕО)

Астанада өтіп жатқан ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында сөз алған Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсыныс айтты.

«Аса құрметті Елбасы! Әлемдегі көптеген мемлекеттердің ұрандары бар. Жастарды жігерлендіріп, азаматтарды біріктіретін бір-ақ ауыз сөз. Біздің бабаларымыз да ұран шақырылғанда, ту астынан табылған. Осыған байланысты спортшылардың өзіңізге ұсынысы бар. «Қазақстан, тек қана алға!» деген сіздің сөзіңізді еліміздің ресми ұранына айналдырсақ. Бұл – барша патриоттардың мәңгілік ұраны болар еді. Алға, Қазақстан!»,-деді чемпион.

Хабарламаларға жазылу