Тірілердің «тілегін орындайтын» тылсым. Аңыз бен ақиқат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тірілердің «тілегін орындайтын» тылсым. Аңыз бен ақиқат

02.06.2018

Алты құрлықта адамның миы жете бермейтін, тылсым құбылыстар тұла бойыңды тітіркентіп тастайтын жерлер көп. Құпиясын адамзаттан жасырып, жан баласы аяқ басса, аза бойын қаза қылатын мекендер туралы дерек пен дәйек, қауесет пен қаңқу қатар жүреді. Жүрек жұтқандар болмаса, былайғы адамның зәре құтыңды қашыратын үңгір мен жартасқа, орман мен тоғайға топ-тобымен бара қоюы екіталай. Әлгіндей ит тұмсығы өтпейтін жерлерге туристерді тарту үшін «емдік туризм» деген тәсіл тапты. Мәселен, Хакастағы тас мүсіндер секілді. Жергілікті ғалымдар мұның адамды танымастай өзгертетін қуаты бар деп соқты. Біреуін таңдап, соны сағат тілімен үш рет айналып, қолыңды тигізіп тілек тілесең, орындала қояды деп ақпарат айтты. Тәңір барда тілекті тастан тілеудің ақымақтық екенін білсе де, адамдар ағылады. Соқыр сенім бар, аңызы айқайлап тұр. 

Біздің елдегі қасиетіне құлақ тоятын жерлерге табандарынан таусылып барғандар айдаһармен құшақтасып жүр екен. Үш басты, жеті басты айдаһар дегенді ертегіден естіп өскеніміз рас, бірақ, тепсе темір үзетін азаматтардың баланың ертегісіне сеніп, өкпелерін қолдарына алып, дала кезіп кеткеніне не жорық?!

«Ошақтың бұты үшеу болғанмен, қазаным біреу еді ғой, үш жүзге бұра тартқанмен, қазағым біреу еді ғой». Десек те, тап осы тылсым тірілердің тілегін түгел орындайды деп жарнамасы жер жарып тұрған жерлерге келгенде біздің қоғам жан-жаққа жалтақтап, шатасты да қалды. Қоршаған ортаның құпиясы, адам әлі шешімін таппаған жұмбақтар көп. Бірақ, соны біз жөнімен жарнамалап, бағытын бұра тартпай, кәдеге жаратып жүрміз бе?

 

Еркін СЪЕЗҰЛЫ

Толық нұсқа 

Хабарламаларға жазылу