«Тақиялы періштедегі» Тана әжей іздеген келін «Айтуға оңайда...» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

 «Тақиялы періштедегі» Тана әжей іздеген келін «Айтуға оңайда...» қонақта

08.12.2016
 «Тақиялы періштедегі» Тана әжей іздеген келін «Айтуға оңайда...» қонақта

Шәкен Аймановтың ерекше туындыларының бірі  1969 жылы шыққан «Тақиялы періште» фильмінің желісі өмірден алынған. Кенжесіне жар іздеген Тана әжейдің прототипі 7 баланың анасы - Айнагүл апа. 30 жастағы ұлы Сакконы үйлендіремін деп келін іздеген апа туралы естіген Шәкен Айманов оқиғаны жаңа туындысына арқау етіп алады.  

Фильмдегі біршама көріністер Айнагүл апаның оқиғаларынан алынған. Ұлына жар іздеп жүріп, көршісінің үйіне келген қонақ қызды ұнатады. Баласы Сакко да анасының айтқанына шықпай сол қызға үйленген.

Айнагүл апаның өзі іздеп тапқан келіні Бихан Қаратаева мен ұлы - Тайлақтың прототипі Сакко Қаратаев  «Айтуға оңай...» бағдарламасында қонақта.

 

Хабарламаларға жазылу