Бүгін - Азаматтық авиацияның халықаралық күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Азаматтық авиацияның халықаралық күні

08.12.2016
Бүгін - Азаматтық авиацияның халықаралық күні

7 желтоқсан, сәрсенбі, 2016 жыл

Азаматтық авиацияның халықаралық күні

БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Чикаго қаласында өткен (АҚШ) конференцияға мүше - 52 мемлекет өкілдерінің Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға қол қойған күнінен бастап атап өтіледі.
 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

53 жыл бұрын (1963) Жамбыл қаласында халық ақыны Жамбыл Жабаевқа қола ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторы - Қазақстанның халық суретшісі, мүсінші Х.Наурызбаев.

22 жыл бұрын (1994) Қазақ Ұлттық университетінің құрылғанына 60 жыл толуына орай, оқу орнының бас ғимараты алдына әл-Фараби ескерткіші орнатылды.

21 жыл бұрын (1995) Венгрия астанасы Будапештте Абай күндері өтті.

16 жыл бұрын (2000) Париждегі ЮНЕСКО үйінде Түркістан күндері өткізілді.

 

ЕСІМДЕР

104  жыл бұрын (1912-1976) Қазақстанның Халық әртісі Серғали ӘБЖАНОВ дүниеге келді.

98 жыл бұрын (1918) рентгенолог-радиолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері Айтқазы Ғазизұлы СЕРҒАЗИН дүниеге келді.

91 жыл бұрын (1925-2009) тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық Ақпараттану академиясының академигі, Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, КСРО Жоғары мектебінің үздігі Мүштай БАТЫРБЕКОВ дүниеге келді.

76 жыл бұрын (1940) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қытайдың еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Үздік дарын» сыйлығының лауреаты Тұрсынәлі Мырзабайұлы РЫСКЕЛДИЕВ дүниеге келді.

75 жыл бұрын (1941) ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынұлы ЖҰРЫНОВ дүниеге келді.

166 жыл бұрын (1850-1935) орыс суретшісі Николай Гаврилович ХЛУДОВ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу