Бөгендік оқушылар таза ауызсуды пайдаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бөгендік оқушылар таза ауызсуды пайдаланады

27.11.2016
Бөгендік оқушылар таза ауызсуды пайдаланады

Қызылорда облысы, Арал ауданындағы «Өрлеу-Консалтинг» жастар қоғамдық бірлестігі Еуропалық одақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы жобасы аясында жұмыс істеуде.

Қазақстанның «жасыл» экономика тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында 2015 жылы Еуропалық одақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы «Жасыл экономика моделіне өту бойынша Қазақстанды қолдау» атты бірлескен жобасы бастау алған.

рд

Жоба «жасыл» экономиканың табысты қағидаларын жүзеге асыру мен Еуропалық одақтың «Жасыл технологиялар» саласындағы Қазақстандағы су ресурстарын тиімді пайдалану бағдарламасы аясындағы тәжірибелерімен бөлісуге жәрдемдеседі.  Осы мақсатта Біріккен Ұлттар Ұйымы елімізге 600 000 еуро қайтарымсыз грант бөлген.

Су мәселесін шешу мақсатында аталмыш бағдарламаға қатысқан «Өрлеу-Консалтинг» жастар қоғамдық бірлестігінің, Арал ауданына қарасты мектептерде мембраналық қондырғы орнату жобасы жеңіп, қомақты қаржының бір бөлігіне ие болған. Қазіргі кезде жоба «Жасыл технологиялар» бағдарламасы аясында жүзеге асуда.

ьпр

Қоғамдық бірлестіктің төрағасы Дастан Жұпанның айтуынша, мектептерді таза ауызсумен қамтамасыз ету жобасы 2015 жылы қолға алынған. Нәтижесінде Арал ауданына қарасты Аралқұм, Тоқабай, Бөген, Шөмішкөл, Бекбауыл, Ақбай, Жаңақұрлыс, Қарашалан ауылдық округтерінің мектептері таза ауызсумен қамтамасыз етілген.

Қоғамдық бірлестік су тазалағыш құрылғыны орнату барысында елді мекендердегі ауызсудың құрамын зерттеп, жағдайы мүшкіл сегіз мектепті таңдап алған.

юолмрлю

 

Жобаны жүзеге асырып жатқан сегіздің бірі Бөген ауылындағы Зейнолла Шүкіров атындағы орта мектеп. Қазірге таңда мұнда 253 оқушы білім алады. Су тазалағыш құрылғы Германияда шығарылған. Суды сүзгіден өткізу екі кезеңнен тұрады:  біріншісі механикалық, екіншісі мембраналық.

Алғашқысында су ұсақ тастар мен құмнан тазартылады сосын ауыр металдар, микробтар шығарылады. Құрылғы күніне екі жүз литрден астам су тазалауға қауқарлы.

ьнгб

Мектеп директоры Клара Мадиярова: «Оқушылар таза ауызсуды үйлеріне де алып кетеді. Жоба мақсаты - оқушыларды таза ауызсумен қамтамасыз ету. Келешекте ауыл тұрғындары да сапалы ауызсуға қол жеткізсе», деген тілегін жасырмады.

аптап

Елімізде «Жасыл технологиялар» қарқынды дамытылса, көршілес ауылдар да сапалы ауызсуға қол жеткізетіні анық.  Әзірге Еуро одақтың қолдауымен бөгендік бүлдіршіндердің арманы орындалды.

Мейрам МҰҚЫШ

Хабарламаларға жазылу