Елбасы инвестициялар тарту мәселесін айрықша бақылауда ұстап отыр - Бақытжан Сағынтаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы инвестициялар тарту мәселесін айрықша бақылауда ұстап отыр - Бақытжан Сағынтаев

14.11.2016
Елбасы инвестициялар тарту мәселесін айрықша бақылауда ұстап отыр - Бақытжан Сағынтаев

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев халықаралық инвесторлармен жұмысты тиімді жүргізуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында Мемлекет басшысының халықаралық инвесторлармен жұмыс туралы тапсырмаларын сапалы орындаудың қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Б.Сағынтаев инвестицияларды тартудағы түйіткілді мәселелердің нақты шешімдерін қабылдау керектігін айтты.

Премьер-Министр ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев инвестициялар тарту мәселесін айрықша бақылауда ұстап отырғанын айтты. Мемлекет басшысының Корея мен Жапонияға сапары барысында ірі бизнес тарапынан Қазақстанға үлкен қызығушылық байқалған, сондықтан да жүргізіліп жатқан жұмысты барлық бағыт бойынша жетілдіре түсу керек.

Б.Сағынтаев Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері әлеуетті инвесторлармен тұрақты байланыста болып, отандық өнімдердің сыртқы нарыққа шығуына жәрдемдесу керектігін айтты. Бұдан өзге, ел ішінде инвесторлар мен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу қажет.

Сондай-ақ, Б.Сағынтаев министрлерге үкіметаралық комиссия құрамында инвестициялар тарту бойынша жұмысты тиімді жүргізіп, олармен жұмыс кезінде барынша көп жауапкершілік таныту керектігін хабарлады.

 

Хабарламаларға жазылу