Халықаралық әйелдер күніне орай концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық әйелдер күніне орай концерт өтті

07.03.2019

Әлемнің жарығын адамзатқа сыйлаған арулар мен ханымдардың құрметіне бүгін өнер және мәдениет саласының майталмандары өнер көрсетті. Мерекелік концертте Мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдер қауымына жолдаған құттықтауын жеткізді.

Онда: «Қоғам өмірінде және мемлекеттің даму үдерісінде әйелдердің рөлі айрықша. Елдіктің жүгін ер-азаматтармен бірдей арқалап, сан түрлі салада табысты еңбек етіп, тұрақтылықты нығайтуға, елдігімізді баянды етуге бірегей үлес қосып келеді», делінген.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу